Волгоградта иіс тиіп қайтыс болған алты тәжік мигрантының кімдер екені анықталды

Ресейдің Волгоград облысында иіс тиіп қайтыс болған алты тәжікстандықтың аты-жөні мәлім болды. Олардың бәрі Хатлон облысынан болып шықты.

Қайтыс болған тәжік азаматтары: Кобилжон Файзиддинов (2001), Косимжон Файзиддиннов (2002), Нүриддин Файзиддинов (1985), Саидакрам Кабутов (2000), Идибек Саломов (1992), Мұхаммаджон Рахмонали (2000).

Тәжік мигранттары Рахинка ауылындағы шарушылықта істеген. Олар 26 қаңтарда түнде иістен уланды. Улы газ бензин генераторынан шыққан. Мәліметтерге қарағанда, бір мигрант қана аман қалған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Ресей билігінің ресми мәліметі бойынша, Тәжікстанның бір миллионнан астам азаматы Ресейде жұмыс істеп жүр. 2020 жылы Ресейде жұмыс істеген 300 тәжік азаматының сүйегі ғана елге оралды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий