Қытай Кубада АҚШ-ты бақылауға мүмкіндік беретін құпия база ашады. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Пекин мұндай нысанын Кубада орналастыру үшін Гаванаға бірнеше млрд доллар береді. База радиолокациялық бақылаумен шұғылданып, түрлі байланыс каналдары, оның ішінде спутник арқылы жүргізілетін сөйлесулерді ұғуға лайықталған.
Дереккөз мәліметінше, қытай нысаны АҚШ-тың Флорида штатынан 160 шақырым қашықтықта жайғасып, ол жақтағы америкалық әскери базаларға және кемелердің жүрулеріне байқау салуға да мүмкіндік береді.
«Кубада Қытайдың әскери нысанының пайда болу мүмкіндігі АҚШ-тың алаңдаушылығын туғызды. Вашингтон Пекиндегі бас экономикалық және әскери бәсекелесі деп есептейді. Сондықтан Қытайдың алдыңғы әскери және бақылау мүмкіндігіне ие базасының АҚШ-қа жақын орналасуы – осыған дейін болмаған үлкен қауіп болуы мүмкін»,- деп мәлімдеді The Wall Street Journal’дың дереккөзі.
Ол бұл бойынша бұдан басқа кеңірек мәлімет беруден бас тартқан. Қытай мен Куба бұл бойынша ешқандай пікір білдірмеді.