Яһудилер тұратын маңайда азан шақырған арабтың басы бәлеге қалды

Фото: ihsan.kz

Израильдің Е-Лод елдімекенінің әкімдігі осы қаладағы арабтардың қоныс тепкен Әш-Шәнир шағын ауданындағы әд-Да’уа мешітінің имамы Махмуд әл-Фарға колонкадан азан оқығаны үшін 200 доллар көлемінде айыппұл салды.

Бұл жайында имамның ағасы осы елдімекендегі ән-Нұр мешітінің имамы Әліл әл-Фар «Анадолы» ақпарат агенттігіне мәлімдеді деп жазады ihsan.kz.

«Бұл жазаны әкімдік еш ескертпестен салып отыр», – дейді әл-Фар.

Айыппұл салуға сол маңайда тұрып жатқан яһудилердің «азанның дауысы мазамызды алды» деген шағымдары себеп болған.

Осы жерде айта кетуіміз керек, өткен аптаға дейін Израиль Парламентінде (Кнессет) азанды колонкадан шығаруға тыйым салатын заң жобасы талқыланып, кейінге қалдырылған болатын.

Бұған наразылық ретінде Ахмет әт-Тыби мен Әбу Арар есімді екі араб депутаты заң жобасын талқылау барысында Кнессетте азан оқыған болатын.

Ал, әд-Да’уа мешітінің имамы Махмуд әл-Фарға салынған айыппұл басқа бір заңды негізге алып отыр-мыс.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий