Рам. Фото: CATERS NEWS AGENCY
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында тұратын 37 жастағы Рам 34 жастағы әйелі Девимен жақындаса алмай жүргеніне он жыл уақыт өткенін алға тартты.
Үйіне келіп, кезекті рет әйелімен төсек қатынасы болмайтынын ұққан азамат қатты ашуға булыққан. Ол ойланбастан ас үйге жүгіріп барып, ондағы пышақпен өз әуретті жерін шауып тастайды.
Бұған аң-таң болған келіншегі бірден дәрігерлерді шақырған. Абырой болғанда ер адам тірі қалды, алайда енді оның жанды жері қалыпқа келуі екіталай.
Әйелі Рамның кезекті рет ішіп келгеніне ашулы болғанын, сол себепті онымен жақындасқысы келмегенін айтып ақталуда.
«Мен тек қаламайтынымды айттым. Ештеңе істемесем де, ол болған жайттың бәріне мені кінәлайды. Ол есінен адасты», — дейді Деви.
Олардың екі ұлы мен бір қызы бар.
«Біз некемізді 18 жыл бұрын қидық. Соңғы он жылда әйелім менімен төсек қатынасында болған емес. Ол мені ешқашан сүйген жоқ», — деп ренішін білдірді ауыр халде жатқан азамат.