Ажырасу. Көрнекі фото: Press-uz.info
Сауд Арабиясында күйеуге шыққан қалыңдықтың қуанышы ұзаққа созылмады, деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап 24.kz.
Сөйтсе, күйеу бала оған үйленгеніне небәрі 2 сағат өткен кезде ажырасу туралы арыз беріпті. Артынша белгілі болғандай, жас жұбайлар некесін қияр алдында «үйлену тойындағы суреттерді қандай да болсын әлеуметтік желіде жарияламау туралы» шарт жүзінде келіскен екен.
Бірақ, әйелінің тойдың суреттерін Snapchat желісі арқылы құрбыларына таратқанын біліп қалған ер адам бірден ажырасу туралы арыз берген. Осы жағдайға байланысты екі тараптың отбасылары арасында жанжал туды.
Қалыңдықтың жағы келісімнің әділетсіз болғанын айтса, күйеудің жағы ер адамның солай жасауға құқылы болғанын алға тартты.