Нура Афиа
Америкалық әйгілі CoverGirl косметикалық фирмасы жарнама кампаниясына өз тарихында бірінші рет хиджаб киген әйел Нура Афианы тартты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Мұсылман, әрі әдемілік пен өзін-өзі күту тақырыбында жазатын блогер Нура Афиа фирманың телеарнадағы роликтері мен онлайн баннерлеріне хиджабпен түсті.
23 жастағы Афиа — Батыс елдеріндегі ірі косметикалық фирманың жарнамасына түскен алғашқы қыз. Өткен аптада компания оның келбетін сатылымға шығарған жаңа косметикалық өнімдерін таныстыруға таңдап алған.
Нура Афианың Instragram-дағы парақшасына 300 мыңнан астам, Youtube-тағы парақшасына 215 мың қолданушы жазылған. Ол Колорадо штатының Денвер қаласында туған. Әкесі — этникалық марокколық, анасы ливандық.