Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады

37 жастағы ресейлік актриса Оксана Половинаның көңілдесі өлтірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Актрисаның көңілдесі бастапқыда оның анасын жарақаттап, кейіннен актрисаның өзін басынан атып, өлтірген.

Аталған қылмыс Шахты қаласында 7 желтоқсан күні болған.

«Жанжал туындап, нәтижесінде 36 жастағы ер адам Оксананың 70 жастағы анасының мойнынан пықаштап, одан соң аңшылық қаруымен арқасынан атқан. Егде әйел медициналық жеткізілген. Ер адам мұнымен қоймай, көңілдесін басынан оқ атқан. Әйел оқиға орнында көз жұмған. 

Ер адам суық қаруды қолдан жасап, оны заңсыз үйінде сақтағаны анықталды», — деп хабарлады тергеу комитеті.

Бүгінде ол қамауға алынған.

DonDay сайтының берген ақпаратына сүйенсек, жанжалдың туындауына қызғаныш сезімі себеп болған. Актриса актер Евгений Сидихинмен бірге «Соседи» деп аталатын телехиаяға түсіп жатқан.

Актрисаны өлтірмес бұрын көңілдесі оның бетін пышақтеп кескілеп, азаптағанын жазады басылым.

«Полиция қызметкерлері мәйітті зерттеу кезінде жантүршігерлік жайттың бетін ашқан. Әцелдің көзі ойылған, мұрны кесілген. Оны әбден азаптаған көңілдесі, кейіннен оны өлтірген», — деп айтып берді куәгерлер. 

Оксана Половина 24 желтоқсанда 38 жасқа толатын еді. Мансап қуалап жүріп, баласы болмаған әйелді ресейліктер аса дарындылығы үшін құрметтеген. 

Комментарий (0)
Добавить комментарий