Әйгілі жазушы: Әлемнің бас есалаңы атағына Трамп пен Ким Чен Ын таласып жатыр

Фото: baq.kz

Америкалық танымал жазушы Стивен Кинг АҚШ пен КХДР арасындағы даудың ушығуына қатысты қызық пікір білдірді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ол Twitter-дегі жазбасында «екі мемлекет басшысы әлемнің бас есалаңы атағына таласып жатыр» деп мәлімдеді.

Жазушы Трамптың атақты қарсыласы саналады. Бұдан бұрын ол президентті Гарри Поттердің дементорымен (ойдан шығарылған жаратылыс) және «албырт жасөспіріммен» салыстырған еді.

Ал ресейлік сенатор Алексей Пушков Трамп пен Ким Чен Ынның арасындағы қарым-қатынас «шыңыраудың шетіндегі әскери-саяси биді» есіне түсіретінін айтқан болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий