Қырғыз елі Қазақстаннан көмекке алған 41 млн долларды қайда жұмсамақшы?

Қазақстан-Қырғызстан. Көрнекі фото: knews.kg

Қазақстан Қырғызстанға көмекке 41 миллион доллар бөлетін болды. Қырғызстан тарабы оны қайда жұмсайтынын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылдың 22 тамыз күні «Ыстық көл — 2017» экономикалық форумы барысында Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов пен Қазақстан қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Қырғызстанға көмекке 41 миллион доллар қаражат беру туралы құжатқа қол қойды.

Қазақстан тарапынан 41 миллион доллар көлемінде жолданған техникалық көмек келесі салаларға жұмсалады:

«Мемлекеттік кеден қызметіне шамамен $3 млн 286 мың, Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды алдын алу және мемлекеттік санэпидембақылауына $5 млн 199 мың, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаментіне $1 млн 863 мың, мелекеттік байланыс қызметіне $553 мың, өртке қарсы қызметке $749 мың, стандартизация және метрология орталығына $4 млн 622 мың және өзге де шығындар», — делінген хабарламада.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий