Қырғыздардың айыр қалпағы Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

Қырғыздардың айыр қалпағы. Фото: knews.kg

Гиннес рекордтар кітабының жетекшелері қырғыздардың ұлттық бас киімін тіркеу туралы өтінімді қабылдаған деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Қырғыздардың Ұлттық бас киім күніне орай әзірлеген бас киім әлемдегі ең үлкен айыр қалпақ болып отыр. Бұл туралы «Кабар» телеарнасына қалпақты әзірлегендердің бірі Солтобек Эркин хабарлаған.

Айта кетейік, бір топ студент наурыз айында биіктігі 2,7 метр болатын қалпақты дайындап, Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берген.

«Мен сәуірде өтінім бердім. Кеше өтінімнің қабылданғаны және рекордты растау туралы сертификат алуға болатыны жөнніде хат келді. Бұл үшін тоғыз құжат жинау керек. Мысал үшін, видеокөрсетілім, фотосуреттер мен қалпақ туралы жазылған БАҚ материалдары керек», — дейді Солтобек.

Қалпақ таза киізден жасалған. Студенттер енді оны Ұлттық музейге беруді жоспарлап отыр.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий