Қырғызстанның бұрынғы премьері Атамбаевтың орнына таласпақшы

Темір Сариев. Фото: www.centralasian.org

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Темір Сариев президенттік сайлауға түседі. Бұл туралы Бішкекте «Ак Шумкар» партиясының конференциясында белгілі болды деп хабарлайды Centralasian.org.

Сариев елдің даму бағдарламасын дайындап шыққанын мәлімдеді. Ол Қырғызстан экономикасын дамыту мен заңды сақтауға бағытталған.

Үкіметтің бұрынғы басшысы таза әрі әділ сайлау өткізу үшін бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Конференция нәтижесі бойынша Темір Сариевті биыл күзде өтетін президенттік сайлауға ұсыну туралы қарар қабылданды.

54 жастағы Темір Сариев бұған дейін Жогорку Кенеш депутаты болған, бұрынғы Уақытша үкімет мүшелерінің бірі. 2011 жылы Қырғызстанның экономика министрлігін басқарды. 2015 жылы Сариев елдің премьер-министрі болып тағайындалды, бірақ, бір жылдан соң ол Балыкчы-Корумду жол құрылысы төңірегіндегі жанжалдан соң министрлер кеңсесінен кетті.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий