Ерке Есмахан. Фото: Instagram.
Әнші сурет үстіне «Ең әдемі, ең бақытты көктемім!» деп жазған.
Еркенің парақшасындағы қолданушылары сурет астына түрлі пікірлер қалдырып, көйлегінің ерсі көрінетінін айтты.
«Жараспай тұр сізге. Шикарно қысқа көйлектер жас қыздар Айдана Меденова, Жұлдыз сияқты қыздарға жарасады» десе, тағы бір қолданушы «Ерке еп-ерсiсiң. Түрің де, қылықтарың да ерсі. Дым жараспайды»,- деп пікір білдірген.
Әншінің ұлы бар екенін, тым құрығанда содан ұялып, жасына сай киіну керектігін жазғандарға қарсы пікір білдіргендер де болды. Олар қазақтың ерке қызына не кисе де жарасатынын айтып, Еркені жайына қалдыруды өтінді.