Қытай билігі мұсылмандар жайлы «сыбыс» жеткізгендерге сыйақы бермекші

Көрнекі сурет. Фото: islam.kz

Қытай елінің Синьцзян провинциясының жергілікті халқы енді мұсылмандар бойынан «күдік тудыратындай» әрекет көріп қалып, тәртіп сақшыларына хабар берсе, сыйақы астында қалмақ деп жазады Muslim.kz.

Сыйақы көлемі ол жеткізген хабардың маңыздылығына қарай 72 000 долларға дейін болмақ.

Провинция билігі айтуынша, азаматтардың қырағы көздері мұсылмандардың қарапайым өмірдегі әрбір әрекетін қалт жібермеуі тиіс.

Тіпті, мұсылмандардың әйел адамдарға қол беріп амандаспауы, қыздарын өзге діндегілерге күйеуге бергісі келмеуі немесе киімдегі жарты ай белгісі де күдікті деп саналады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий