Қытай жігіті мен қазақстандық қыздың махаббат хикаясы желіні дүрліктірді (видео)

Видеодан алынған кадр.

Қытайлық «Синьхуа» ақпараттық агенттігі қазақcтандық қыз бен қытай жігітінің махаббат хикаясы турасында бейнеролик түсірген екен. Бұл жайында Қытай президенті Си Цзиньпин айтты деп хабарлайды Qamshy.kz.

Президенттің сөздеріне қарағанда, қытай жігіті мен қазақстандық қыздың махаббатын көрсету арқылы екі елдің ынтымақтастығын көрсетпек болған.

Бейнероликтегі оқиға желісі мынадай: Синьзяндық жас қытай жігіті жергілікті ауруханада Валентина есімді аруды көзі шалып, ғашық болып қалады. Ақыры екеуі бас қосып, дүниеге ұлдары келеді. Ұлдары 6 жасқа толғанда Валентина саяси жағдайларға байланысты еліне қайтуға мәжбүр болады. Ұлдары ер жетіп, өз анасын іздей бастайды. Тек 2009 жылы ұлы 61 жасқа келгенде 80 жастағы анасын Алматыдан табады. Сөйтіп Валентинаны Қытайға апарып, Аспан асты елінің жайлылығын көрсетеді.

Еске сала кетейік, қаңтар айындағы қазақстандық қыздарға Қытай дөкейлеріне тұрмысқа шығуды ұсынған хабарландыру әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірген болатын.

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Доска объявлений Алматы, Астана» паблигінде мынадай мазмұндағы хабарлама жарияланған: «18-40 жас аралығындағы басы бос қыздар! Бейжің тұрғыны, әрі бойдақ ер жігітке тұрмысқа шыққыңыз келе ме? Бізге хабарласыңыз. Бейжіңдегі дөкей жігіттер тобы Астанаға отбасын құру үшін келе жатыр. Арнайы бірнеше шаралар дайындап жатыр. Ер адамдар бақуатты өмір сүреді, еуропалық білімі бар, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген»

Мұндай ақпаратқа қазақ халқы наразылығын білдіріп, түрлі пікірлерін қалдырған. Осы жарнамаға байланысты Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй де мәлімдеме жасаған еді. Аталмыш ұйымның бар-жоғынан хабары жоқ елші қазақстандық қыздарға Қытай жігіттері қатты қызығатыны жайында айтып қалған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий