Қытай өзінің ең қуатты зымыранын ұшырды

Зымыран. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Қытай үкіметі Хайнань ғарыш айлағынан өзінің ең қуатты «Чанчжен-5» зымыран тасығышын ұшырды. Ол орбитаға эксперименттік жерсерікті жеткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

Атауы қазақшаға аударғанда «Ұлы жорық» болатын ғарыш кемесін Қытай алдағы уақытта айды зерттеуге пайдаланбақшы. Ол үшін ресми Бейжің 2017 жылы алғашқы жерсерігін ұшырып, айдағы топырақтың құрамын зерттеуді көздеп отыр.

«Чанчжен-5» зымырантасығышы 25 тонналық жүкті тасымалдауға қауқарлы. Оның қозғалтқышы да қоршаған ортаға зиянды емес деп сендіруде қытайлар. Заманауи ғарыш кемесі сутегі және оттегімен жұмыс істейді екен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий