«Жас жұбайлар». Фото: viknaodessa.od.ua
Қытайда оғаш той өтті. Тойдағы «жас жұбайлар» — 114 жастағы кейуана мен 71 жастағы қария. Бұл туралы NUR.KZ порталы viknaodessa.od.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бачу уезінің 114 жастағы тұрғыны 71 жастағы қарияға тұрмысқа шығуға келісімін берген.
Қарияның айтуынша, ол ғашығымен қарттар үйінде танысып, оның көңілін бір жыл бойы аулаған. Ер адамды болашақ жарының дәмді етіп тамақ әзірлей алатындығы тәнті еткен. Ал көп ұзамай оның өте жақсы адам екенін байқаған ақсақал үйленуге бел буады.
Кейуана қыр соңынан қалмай, өзіне қаратқан қариямен некесін қидырды.