Қытайда өгей анасы ертегі айта алмайтын ұлын аяусыз сабап тастаған (фото)

Қытай қалаларының бірінде мұғалім өз сыныбындағы оқушының денесінен соққы іздерін байқайды. Алғашында мұғалім баланы ойнап жүріп жарақаттанды деп ойлаған.

Өгей анасы соққыға жыққан оқушы. Фото: әлеуметтік желі

Алайда, мәселенің мән-жайын білген мектеп ұжымы сорақы жағдайдың куәсі болды. Төменгі сынып оқушысын көгала қойдай етіп сабаған өзінің өгей анасы екен.

Ол өгей ұлын үй тапсырмасын орындамай, ертегіні жатқа айтпағаны үшін қолына түскен нәрсенің бәрімен сабаған. Бір қызығы, баланың биологиялық анасы ұлы үлкен қалада тұрып, жақсы өмір сүрсін деген оймен өзінің әпкесіне берген.

Іс насырға шапқан соң  бұл оқиғаға құқық қорғаушылар назар аударып, сот баланы өзінің туған анасына қайтарды. Ал оқушыны аяусыз сабаған өгей анасы сот алдында жауап береді.

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий