Сіламбек Сағынышұлы Алтайдың Ласты ауылы Ноғайты деген қыстағында тұрады.
Қытайдың Алтай аймағында тұратын қандасымыз Сіламбек Сағынышұлы қазақтың байырғы тері шаңғысы қалай жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық құндылығымызды ұлықтап жүрген қандасымыз бұл туралы сол елдегі қазақ тілді «kazakh.people.com» сайтына берген сұхбатында айтты.
Сіламбек Сағынышұлы Алтайдың Ласты ауылы Ноғайты деген қыстағында тұрады. Биыл пайғампар жасынан асқан қандасымыз әлі де көне мұрамыздың отын өшірмей жалғастырып келе жатқанын, сондай-ақ, арнайы шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтады.
«Қазақтың байырғы тері шаңғысы кезінде әр үйде болған», — дейді ақсақал.
Төмендегі видеодан байырғы қар шаңғысының қалай жасалып, қалай пайдаланатыны туралы толық көріп, білуге болады.