Қытайдағы байқауда халық әнін орындаған Димаш Құдайберген үздік үштіктен көрінді

Димаш Құдайберген. Фото: instagram

Қытайда өтіп жатқан «The singer» халықаралық ән додасына қатысып жатқан қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген жетінші кезеңде үшінші орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жобаның жетінші айналымның түсірілімі бүгін таңда аяқталған. Нәтижесінде, қазақтың «Дайдидау» әнін Қытайдың сахнасында әуелеткен отандасымыз үздік үштіктен көрінді.

Аталмыш кезеңнің бас жүлдесін Гонконг қаласының тумасы Sandy иеленсе, жобаға жаңа қосылған Ли Цзянь екінші орын алған.

Айта кетерлігі, жобада о баста қосылған жеті әншінің тек төртеуі ғана қалды. Димаш жалпы есеп бойынша үшінші орыннан түскен жоқ.

«Singer 2017» байқауының алтыншы кезеңі эфирден 25 ақпан күні көрсетілетін болады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий