Қытайда «өзге планетадан келген бала» тұрып жатыр

Қытайдың Дахуа қаласында бірде-бір жан баласына ұқсамайтын жасөспірім өмір сүріп жатыр деп хабарлайды muslim.kz.

Нонг Юсуи есімді баланың азиялық нәсілді болғанына қарамастан көзінің көкшілдігі, тіпті, ең көзі көк деп саналатын скандинавтықтардың өзінде кездеспейді екен. Оның жанары мысықтыкіндей жалтылдап тұрады. Бұл оның жалғыз ерекшілігі емес. Ол тас қараңғыдан жақсы көре алады. Бұл құпияны алдымен ата-анасы, сосын мұғалімі ғаламтор арқылы бөліскен.

Бұған сенбестік танытқан бейжіңдік тілші дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мамандар баланы тас қараңғы бөлмеде қалдырып, тәжірибе жасаған. Нәтижесінде балақай қараңғы жерде де әріпті ажыратып, оқи алатын болып шықты.

Анықталғандай, баланың жанары қараңғыда көруге мүмкіндік беретін ерекше жасуша қабатына ие болып шыққан. Мұндай жасушалар мысықта, ит те, жанат та, өрмекші де, тағы басқа тіршілік иелерінде кездеседі.

Айта кетсек, жеткіншек дүниеге келгенде анасының назары бірден оның көзіне түскен. Дәрігерлер де уақыт келе бұл ерекшелік өзінен-өзі кетіп қалады деп сендірген екен. Десе де, дәрігерлердің айтқаны келмеген.

Юсуи күннің жарық сәулесін жақтыра бермейді алакөлеңке жерді ұнатады. Жерлестері оны осы қасиетіне орай «жұлдызды бала», «өзге планетадан келген бала», «гибрид» деп атап кеткен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий