Қытайлық дәрігерлер 12 жастағы қыздың басынан пышақ алып шықты

Қытайлық дәрігерлер 12 жастағы қыздың басынан жүзі 15 сантиметр болатын пышақты алып шықты. Қиын хирургиялық операция аяқталды. Дәрігерлердің болжамынша, қыз келесі аптада үйіне орала алады, деп жазады 24.kz.

Журналистердің айтуынша, оқиға Дунгуань қаласындағы парктердің бірінде балалар ойнайтын алаңда болған.

Қыздың досы парктегі басқа ұл баламен ерегесіп қалған. Жасөспірім қыз досы екеуі кеткелі тұрғанда 13 жастағы бұзақы бала олардың артынан пышақ лақтырған. Пышақ жүзінің 3 сантиметрі қыздың басына кіріп кеткен.

Ақхалаттылар зардап шеккен қыздың жолы болғанын айтады.

«Пышақ тереңірек кіргенде оның өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді», — дейді олар.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий