Әлеметтік желіде Димаш Құдайбергеннің тамағын ауыртып алғаны туралы видео тарап кетті. Енді жерлесіміз жоғары дауыста ән айтпауы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.
Димаш 8-кезеңде тамағында ауырсыну барын айтып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл турда жерлесіміз «Таң атты» әнін орындаған болатын. Дәрігерлер тамағы толығымен жазылғанға дейін Димашқа жоғары дауыста ән айтуға уақытша тыйым салды.
Қытайлық жанкүйерлер болса, Димаштың тезірек сауығып кетуін тілеуде.