Қытайлықтар қазақтарға әнұран айтып, туға құрмет көрсетуді үйретуде (видео)

Youtube желісінде Serik kerey есімді азамат жүктеген видео көрген адамды сан түрлі ойға жетелейді деп жазады Baq.kz.

— Қытай елінде аз санды ұлттар қоныстанған өңірлерде «кіші мəдениет төңкерісі» жүріп жатыр. Ауылдарда ту шығаруға халықты жинап, мемлекет əнұранын айтқызуда, — деп жазады Serik kerey.

— Қытай елінде соңғы жылдары аса тез қарқынмен жүргізіліп жатқан өзге ұлттарды қытайландыру саясаты – онда мекендейтін саны аз көптеген мұсылман ұлттарына да зор қатерін төндіруде. «Батыс өңірді ашу» деген желеумен ішкі қытайдан миллиондап келіп жатқан ханзулар қаупі – Қазақ Елін де ойландыруы тиіс, — деген видео авторы.

Видеодан Қытай туына құрмет көрсетіп, топ болып әнұран орындаған қазақтарды көруге болады.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий