Неке. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Кішкентай балалардың некеге тұру құқын қорғамақ болған Шабудин Яхайя есімді депутаттың бас бәлеге қалған. Ол тоғыз жасар қыз бала тұрмыс құруға физикалық және рухани тұрғыдан әзір деген пікірін ортаға салады. Тіпті өзін зорлаған азаматқа кішкентай қызды тұрмысқа беру оның жарқын болашағына септік болады деп санайтын депутатты әлем жұртшылығы жерден алып, жерге салды.
«Олар тоғыз-он екі жасында-ақ жыныстық тұрғыдан жетіледі. Бұл сәтте жеткіншектердің 18 жастағы қыздардан еш айырмашылығы болмай қалады. Олар физикалық және рухани тұрғыдан некеге тұруға әзір болады», — деген Шабудин неке туралы заңға өзгерту енгізуді ұсынады.
Депутат балалардың некесіне тыйым салу шариғатқа қарсы деген пікірде. Өз ойын ортаға салған азамат осылайша балалардың неке жасын азайту қажет деп тапқан. Алайда парламент бұл ұсынысты қабылдамай қойды.