Қызуқанды әке күйеуге шығамын деген 17 жастағы қызын ұрып, шашын тақырлап тастаған

Көрнекі фото: Mialita

Шешенстанда әкесі күйеуге шығамын деген 17 жастағы қызын ұрып, шашын тақырлап алып тастады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Болған оқиғаның мән-жайы былай болған: қыз сүйіктісінің тұрмыс құру ұсынысына келісімін бергенін айтып әкесіне келеді. Алайда әкесі бұл некеге үзілді-кесілді қарсы болған.

Туыстары тарапынан құқық қорғау органдарына шағым жазылғаннан кейін қыздың әкесіне қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысқа берілетін жазаның ең ауыры – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қазіргі таңда айыптау актісі тіркеліп, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий