Қызы науқас 46 жастағы әйел жиен немересін өзі босанды (фото)

46 жастағы әйел жиен немересін өзі босанды. Бұл туралы Dailymail.co.uk басылымы хабарлайды деп жазады Stan.kz.

“Бұл менің өмірімдегі үлкен тәжірибе болды” дейді 46 жастағы әйел. Оның қызы аққан ауруынан ұзақ уақыт бойы емделген екен. Осының салдарынан жатырына зақым келген.

Көпке дейін бала көтере алмай қатты қиналған. Десе де, әйел қызының бақытты отбасы туралы арманын сақтап қалу үшін немересін өзі босанады.

25 жастағы Алиса Хогэнхауске 4 жасында аққан диагнозы қойылып, 9 жасына дейін емделеді. Сәулелендірудің салдарынан терісінде қара қотыр пайда болып, жатырына зақым келеді. Бұдан кейін отбасылық өмірде сәбилі бола алмай жүреді. Оның анасы Тереза Хогэнхаус қызына суррогат ана болуды ұсынып, 46 жасында немересін өзі босанады.

Алиса 25 жасқа толғанда дертіне байланысты сәбилі бола алмайтыны белгілі болды.

Сегіз жасында қатты әлсіреп, тоғыз жасында төсек тартып жатып қалады. Осы кезде денесіне түскен сәуле кері әсерін тигізген екен.

Алисаның қуанышына орай, ол 23 жасында таңғажайыптың көмегімен табиғи жолмен бала көтереді. Қуанышы көпке созылмастан, ішіндегі сәбиін 15 аптаға жеткен кезде түсіріп алады. Осыдан кейін дәрігерлер оған жатырындағы ақауға бола ешуақытта бала көтере алмайтынын айтады. Көтергеннің өзінде оны 9 ай бойы құрсағында ұстап тұруға шамасы жетпейді екен.

Мұны білген анасы оның бақытты отбасы туралы ұстанымдарын сақтап қалу үшін суррогат ана болуды ұсынады. Терезаның өзі Квинсленд, Испвич Таун аймағында дүниеге келген.

“Алисаның эмбриондары бар екен. “Неге байқап көрмеске?” деп ойладым. Бастапқыда өзімді тым кәрімін деп жүрексінген едім. Оның үстіне қызым да мұндай нар тәуекелге барғанымды қаламады. Мен Алисаны осы уақытқа дейін екі мәрте жоғалта жаздағанмын. Енді бұлай болғанын еш қаламаймын”, – дейді Тереза Хогэнхаус.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий