Қызылордалық ана балаларын ажалдан арашалап, өзі қаза болды (фото)

Өртеніп кеткен үй. Кадр Астана арнасы

Қызылордаға тиіп тұрған Белкөл кентінің тұрғындары Сапаровтар отбасына көмек сұрайды деп хабарлайды Астана арнасы.

Осыдан бірнеше күн бұрын газ баллоны жарылып, отанасы қайтыс болған. Ал отбасының бес мүшесі ауруханада жатыр. Олардың жағдайына алаңдаған ауылдастары, барар жері жоқ екенін айтып, қайырымды жандарға иек артады.

Оқыс жағдай қарашаның 2-сінде болған. Сапаровтардың кенжесі 11 жастағы Дәулеттің жадында қалып қойған. Оның айтуынша, кешкісін, әдеттегідей, анасы теледидар қарап, аға-жеңгесі мен балалары компьютермен әлек болып жатқан. Аяқ астынан қатты дауыс шығып, әп-сәтте үйдің қабырғалары құлаған.

«Газдын басқа кигізіп қоятыны ұшты да, газ жерге құлады. Сосын жарылды. Мені ағам құтқарды, мамамды ағам құтқарды. Санжар мен Қарақатты мамалары құтқарды», — дейді бала Дәулет Мырзахмет.

Өрттен аман қалған бала. Кадр Астана арнасы

Сапаровтардың ортаншы ұлы көмекке бірінші болып келген. Ол жұмыстан шығып үйге бетке алғанда, алыстан жалынды байқап үйіне жүгірген. Алған жарақаттардан аналары көз жұмды.

Ауыл халқы қаражат жинап, оны соңғы сапарға шығарып салыпты.

«Балалары жетім қалды, жағдайлары ауыр. Енді шыққаннан кейін мынау үйдің қай жағына барады? Менім үйіме барғанымен, менің үйім де шағын. Бұл балаларды қай жаққа апарамын мен? Келін 45 процент күйген, баламыз 25 процент, өлім мен өмірдің арасында жатыр», — дейді туысы Ғазиза Бакирова.

Өртеніп кеткен үй. Кадр Астана арнасы

«Науқастар түскен кезде жағдайлары өте ауыр болды, отпен күйген жарақаттар өте терең болады. Келген кезде үш баланы да жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазіргі уақытта бөлімшеде ем алып жатыр толық көлемде. Барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті. Қазіргі жағдайлары орташа ауырлықта», — дейді Қызылорда облыстық медициналық орталықтың балалар хирургі Әлімжан Төлегенов,.

Ауыл тұрғындары, қыс басталмай жатып, өрттен зардап шеккендердің көп екенін айтты. Соңғы 1 айда 6 үй өрттен зардап шеккен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий