Қызын зорлаған қылмыскерді әкесі дәл сот залында аяусыз өлтіріп тастады

Көрнекі фото: zbroya.info

Ресей азаматы соттың шығарған үкімін тым жеңіл жаза деп қабылдап, сот залында 14 жастағы қызын зорлап кеткен  қылмыскерден кегін қайтарды. Ашуға булыққан әкесі үш қанжарды қынабынан суырып алып, айыпталушыға дәлдеген деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ол пышақтарды бірінен соң бірін кезек-кезек дәлдеген жеріне лақтырады. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық: полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолданып үлгермепті.

Қанжардың үшеуі де қылмыскерге дәл тиген, екеуі жүрек тұсына барып қадалған болса, үшіншісі көмейін кесіп өткен. Айыпталушы азамат сол жерде тіл тартпай кетіпті, ал кек алушы әкені сот залында тұтқындап алып кеткен.

Болған жайтқа көңілі толған Каравайкин еш қарсылық көрсетпей қолында тұрған тағы екі пышақты полиция қызметкерлеріне тапсырады. Мұндай қылмысқа баруының себебін қыздың әкесі былай түсіндірді: «Менің бұл іс-әрекетімді жұпар аңқыған гүл өсіріп, оны қайдағы біреудің таптап жатқанын көріңдер, сол кезде ғана түсінесіңдер. Менің қызым екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды, алайда екеуінде де кездейсоқ жағдай құтқарып қалды. Ол әлі күнге дейін психиатрлық ауруханада ем қабылдап жүр, ал мына оңбағанға 5 жыл жалпы режимде жазасын өтеуге үкім шығарды»

Қыздың әкесіне полицияға берген арызын қайтарып алу үшін бірнеше рет қомақты қаржы ұсынған екен, тіпті, оны соққыға жығып кетуді де жоспарлап, Ауғанстандық азаматтармен келіспек болыпты, алайда бұл іске олар тым көп қаржы сұраған.

Сол кезде зардап шеккен қыздың әкесі қылмыскерден осылай кек алуды жоспарлаған. Ғаламтордан лақтыратын қанжардың бесеуін тапсырыспен алғызып, үйінде жаттығу жүргізе бастапты.

Бір аптадан кейін-ақ ол бір-екі секундтың ішінде асқабаққа оңай дәл тигізіп үйренген. Жоғарғы соттың шешімі бойынша, Каравайкинге сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, алайда жаза шартты түрде болғандықтан оны сот залында босатыпты.

Мұндай шешімді сотқа қатысқан әділ қазылар алқасының шешімімен шығарған, олардың көбісінде түрлі жастағы бойжеткен қыздары бар екен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий