YouTube өзбектілді каналдардың авторларына ақша төлеуді тоқтатты

YouTube компаниясы өзбек тіліндегі каналдардың авторларына материалдық жағынан қолдау көрсетуді тоқтатты.

Соңғы жылдары Өзбекстанда видеоблогинг дамып, содан ақша тапқан авторлар көбейген. Олардың арасында YouTube каналдарындағы көрулер үшін бірнеше мың доллардан тапқандары да болған.

Бірақ сәуірден бастап өзбекстандық блогерлердің YouTube видеохостингіндегі сюжеттерден түскен кірістері бірден азайып кеткен. Бұған YouTube компаниясының жетекшілігі өзбектілді аудиторияға арналған каналдардың авторларын материалдық жағынан қолдауды тоқтатуы себеп болған.

Компания әзірге бұл шектеудің неге байланысты екенін түсіндірмеді. Qalampir.uz басылымының мәліметіне қарағанда, мұндай шешім Youtube Өзбекстанның аймағында өз қызметін жүргізбеуімен байланысты болуы мүмкін.

YouTube компаниясы қызметін ресми жүргізбеген блогерлер үшін қосымша мүмкіндіктер бар. Олар YouTube Premium қызметтерін, демеушілік модулдарды және YouTube.Music платформасын пайдалана алады. Бірақ Өзбекстанда бұл қызметтер ешқашан жеткілікті болған емес. Енді өзбек блогерлері жарнамадан да табыс таба алмайды.

2016 жылы YouTube сайты Өзбекстанда алты күнге бұғатталған. Бірақ онда өлкеде видеоблогерлік қазіргідей танымал болған емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий