Ресей басып алған Запорожье украин облысында өзбек және тәжік жұмысшылары айлық төлемей жатқанына шағымданды. Олар мұнда окоп қазумен айналысқан.
Baza телеграм-арнасының мәліметінше, жұмысшыларға бір окоп үшін 800 мың рубль төлейміз деп уәде берген.
Өзбекстан мен Тәжікстаннан Запорожьеге келген 33 құрылысшы жұртта қалған үйлерге тоқтаған. Олар окоптарды трактормен қазып, сосын оны ағашпен нығайтқан.
Әминжон есімді тәжік құрылысшысының айтуынша, жұмыс аяқталған соң оған бар болғаны 595 мың рубль төлеген. Жұмысшылар қалған ақшаны құрылысшы жалдаушы Сергей Евгеньевичтен талап еткен, бірақ ол төлеуден бас тартқан.
«Құрылысшылардың бір бөлігі Мәскеуге қайта алмай отыр. Бір жұмысшының соқыршегі қабынды, тағы бір жұмысшы бір қолынан айрылды, бірақ олар ешқандай жөнді медициналық көмек көрсетілмеді», — дейді Әминжон.
Мәскеуге оралған Әминжон полицияға арызданған. Басылым мәліметінше, дәл осындай арызды тағы үш тәжік жұмысшысы өткізген. Полицияға шағым түсірген соң Әминжонды белгісіз біреулер телефонмен қорқыта бастаған.
«Білгісіз біреулер арызды қайтарып алмасаң, өлтіріп кетеміз деп қорқытқан. Әминжон Сергей Евгеньевич туралы мәлімет білмейді. Ол ешқандай қағазға немесе келісім-шартқа қол қоймаған. Жұмысшы қатты қорқып қалған. Үйден шығуға қорқады», — деп хабарлады Baza.