Өзбекстанда 10 баланың анасы тұрмысы төмен отбасының қыздарын шетелге сатып күнелткен

Өзбекстанның Жызақ облысында жас қыздарды шетелде жезөкшелікпен мәжбүрлеп айналысу үшін сатқан қылмыстық топты соттаған. Бұл жөнінде Интерфаксқа сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

«Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 10 баласы бар әйел болып шыққан. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал қалған екі сыбайласын сегіз және сегіз жарым жылға түрме жазасына кесті», – деген сот өкілі.

Оның сөзінше, сот тергеуі кезінде сотталған әйелдер тұрмысы төмен отбасының жас қыздарын іздеп тауып, оларға Еуропа және Азия елдерінен жоғары жалақы алатын жұмыс бар деп арбаған. Ал шын мәнінде, жезөкшелікпен айныласу үшін аттандырған.

Шетел асып, бірақ делдалдардан қашып, дипломатиялық миссия қызметкерлерінің арқасында Өзбекстанға оралған бірнеше әйел құқық қорғау органдарына хабарласқаннан кейін, қылмыстық топты құрықтаған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий