Өзбекстанда 18 жыл түрмеде отырған журналист бостандыққа шықты

Мұхаммад Бекжан. Фото: centralasian.org

Өзбекстанда оппозицялық «Эрк» газетінің 63 жастағы редакторы, оппозициялық саясаткер Мұхаммад Салихтың інісі Мұхаммад Бекжан 18 жылдан соң бостандыққа шықты.

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Бекжан 1999 жылдан бері түрмеде отырды. Ол 22 ақпанда босатылды, деп хабарлады журналистің туыстары. 2011 жылы Бекжанның бостандыққа шығуына бір ай қалғанда оның түрмедегі мерзімі тағы 4 жыл 8 айға созылған. Осы мерзім аяқталған соң ол Зарафшан қаласындағы колониядан шықты.

1999 жылы наурызда өзбек арнайы қызметінің өкілдері Мұхаммад Бекжанды Киевте ұстап, Өзбекстанға алып кетті. Оны сол жылы республикада болған жарылыстар мен шабуылдарды ұйымдастыруға қатысы бар деп айыптады.

Өзбек соты Бекжанды 15 жылға соттады. Сот барысында журналист айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий