Өзбекстанда ел алдында сөгіс естіген 30 қызметкер бастарын көтерген жоқ

Ұятқа қалған қызметкерлер. Фото: centralasian.org

Өзбекстанның мәдениет және спорт істері жөніндегі министрліктің кеңейтілген алқасында «ескі басқару тәсілінен бас тарта алмаған» 30 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланған.

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының залына жиналған 500 адамның алдында мәдениет және спорт министрлігінің 30 қызметкерін жария түрде сынға алып, ұятқа қалдырған.

«Олардан министрдің өзі жауап алды. 30 қызметкер бастарын бір көтермеді, жерге қараған күйі тұрды. Бұл бір аянышты көрініс болды. Оларды 894 демалыс орнын ашудың орнына 189 орын ашқаны үшін сөкті», – дейді жиналысқа қатысқан мәдениет министрлігі қызметкерінің бірі.

Оның сөздерінше, мәдениет министрлігінің қызметкерлері Есеп комитетінің тексеруінен кейін жазаға тартылған.

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Фотих Джалолов 30 қызметкерге қатысты «ескі басқару әдісінен бас тарта алмағаны үшін» қатаң ескерту жарияланғанын айтты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий