Зеленский 16 ақпанда Украинаның Бірігу күні деп жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский өлке азаматтарына үндеу жасап, 16ақпанда Бірігу күні деп жариялады.

«Тиісті жарлыққа қол қойдым. Бұл күні ұлттық туымызды іліп, мойнымызға көк-сары түсті галстук тағып, бүкіл әлемге бірлігімізді көрсетеміз», — деді Зеленский.

Осыған дейін бірқатар БАҚ, оның ішінде Spiegel басылымы 16 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деп болжаған.

«Біз қарсы тұра аламыз. Біздің мықты армиямыз бар, мықты соғыс тәжірибеге ие жауынгерлеріміз және заманауи қару-жарақтарымыз бар. Қазіргі армия сегіз жыл бұрынғы армиядан әлде-қайда күшті», — деген Зеленский Украина Донбасс пен Қырымды дипломатиялық жолмен ғана қайтарып алатынын жеткізді.

АҚШ және басқа да бірқатар елдердің ресми өкілдері Ресейдің Украинаға бір апта ішінде шабуыл жасау мүмкіндігі жоғары екенін айтқан. Сонымен бірге олар Ресей осындай қадамға барады дегенге әлі толық сенбейтінін де жеткізген. Батыс өлкелерінің лидерлері ахуалды дипломатиялық жолмен жөнге салу мүмкін екенін айтып жатыр.

Ресей болса Украинаға шабуыл жасау пиғылы жоқ екенін айтып келеді. Дүйсенбі күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинмен кездесіп, қазір жалпы әскери жаттығулар өтіп жатқанын, бірақ олардың көбі жақында аяқталатынын айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий