Зеленский мен Путин майдандағы жағдайды сырттай бағалады

Украина президенті Владимир Зеленский 21 маусымда қайта шабуылға шыққан украин әскері күткендегідей ілгері жылжып жатқан жоқ, бірақ Киев өз әскерін асықтырмайды деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

«Кейбірі мәселе голливуд фильміндегідей болады деп ойлайды, жылдам нәтиже күтеді. Бұл дұрыс емес. Мәселе адам өмірі жөнінде болып отыр» деді Зеленский. Оның сөзінен британдық BBC ақпарат агенттігі үзінді келтіреді.

Ал Ресей басшысы Владимир Путин сәрсенбі күні Мәскеу маусым айында басталған украин әскерінің қайта шабуылының баяулағанына назар аударды деп мәлімдеді. Ол Киев шабуылдау «мүмкіндігі» жоғын түсінді деді. Путиннің мәлімдемесі Ресей телеарналарынан берілді.

Украина жағы шабуыл басталғалы бері 8 елді мекенді азат еткен. Reuters-тің жазуынша, украин әскері айлар бойы салынған орыс әскерінің қорғаныс шепттерін бұзуға тиіс.

Ақпаратқа қарағанда, Украина қарулы күштері әрқайсысы мыңдаған жауынгерден құралған 12 бригаданы дайындып отыр, басым бөлігі енді соғысқа қатысады.

Reuters тілшілері орыс әскерінен азат етілген бірнеше ауылда болып, украин әскері 7 шақырымға алға жылжығанына көз жеткізген. Ал Мәскеу маусым басынан бері ресей әскері украин әскерінің жылжуына мүмкіндік бермей отыр деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий