Зеленский одақтас елдер Киевке жойғыш ұшақтар беруге келіскенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Молдовада өткен саммитте елінің одақтастары Киевке Ресей басқыншылығына тойтарыс беруге қажетті жойғыш ұшақтар беруге келіскен.

Зеленский бейсенбі күні Кишинёвте қырықтан астам еуропалық лидер жиналған саммиттен кейінгі баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді, бірақ тақырыпты тарқатып айтпады деп хабарлады Reuters. Украина біраздан бері батыстың әскери ұшақтарын сұрап жүр.

Молдова президенті Майя Сандудың мәлімдеуінше, бұл саммит құрлық елдерінің Еуропада қайтадан бейбітшілік орнатуды ниетті екенінің ашық көрінісі болды. Санду жоғары деңгейдегі кездесуді Молдовада, Украинамен шекараға бар болғаны жиырма шақырым жерде ұйымдастырудың ерекше мәні бар екенін айтты.

Молдованың Ресей басқыншылығына тойтарыс беріп, сол арқылы көршілерін де қорғап жүрген Украинаға алғысы шексіз дейді Санду. «Бүгін Украина Молдова қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр, біз оған алғыс айтамыз» деп мәлімдеді Майя Санду Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөзден кейін.

1 маусымда Молдова астанасында Еуропа саяси қаумының екінші саммиті өтті. Жаңа мемлекетаралық ұйым, Франция президенті Эммануэль Макрон бастамасымен, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін құрылды. Оған Ресей мен Беларусь, сонымен бірге Түркия мен Оңтүстік Кавказ елдерінен басқа еуропалық мемлекеттердің бәрі кіреді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий