Украина президенті Владимир Зеленский Ресей агрессиясын қолдағандардың мүлкі мен активтерін тәркілеу туралы заңға қол қойды.
«Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдап жатқандардың активтерін тәркілеу – дұшпанның есебінен бюджетті тез және нәтижесі толтыруға мүмкіндік береді», — деп жазылған президент сайтындағы ақпаратта.
Тиісті заң жобасын Жоғарғы Рада 12 мамырда қабылдаған.
Құжатқа сәйкес, тәркілеу шешімін Жоғарғы антикоррупциялық сот қабылдайды.
Бұл заңды қолдануға төменгі жағдайлар негіз болады: Украинаның егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіру; мұндай әрекеттерді қолдау, оның ішінде «агрессор елдің»бағалы қағаздарына инвестиция салуу; украин патриотизімін «нацизмге» теңеу; украин еліне, мәдениетіне және тіліне қарсы араздықты қоздыру.
Мамыр айының басында «Сбербанк» пен «ВЭБ.РФ» корпорациясының Украинадағы еншілес банктерінің активтерін мемлекет пайдасына алу туралы жарлыққа қол қойылған.