Зеленский Саакашвилиді емдеу үшін Украинаға жіберуді сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді емделу үшін Киевке жіберуді сұрады. Ол Саакашвилидің украин азаматы екенін еске салды.

Зеленский сыртқы істер министрлігіне Украинадағы Грузия елшісін шақырып, осы мәселені Тбилисимен кеңесу үшін оған 48 сағат ішінде Киевтен шығуды талап етуді тапсырған.

Бұған себеп болған Саакашвилиге қатысты дүйсенбіде басталған сот отырысы. Грузияның экс-президенті сот отырысына «Вивамед» клиникасынан онлайн байланысқа шықты. Саакашвили қатты жүдеу, денсаулығы нашарлаған. Ол сот отырысы кезінде парламент спикері Шалве Папуашвилиден өзін осындай жағдайға жеткізгені үшін кешірім сұрауын талап еткен.

Зеленский «Ресей Украина азаматы Михаил Саакашвилиді грузин билігінің қолымен өлтіріп жатыр» деп мәлімдеді. Михаил Саакашвили қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 6 жыл жаза мерзімін өтеп жатыр. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий