Жұмысқа кіргізіп беремін деп ақшасын алдап алып кеткен азамат анықталды

2021 жылдың 6-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша келінін жұмысқа кіргізіп беремін деп, алаяқтық жолмен 600.000 теңге ақшасын алып кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий