«Жаңа Ташкент» құрылысына 19,7 мың га жер бөлінеді

Өзбекстанда «Жаңа Ташкент» құрылысына Жоғарышыршық және Орташыршық аудандарынан 19,7 мың гектар жер бөлініп жатыр. Бұл туралы Ташкент облысының әкімдігі хабарлады.

Бөлінген жердің шамамен 13 мың гектары ауыл шаруашылығына, 6,8 мың гектар басқа да мақсаттарға пайдалануы тиіс болған. Бұл аумақта 772 адамның жер меншігі бар.

«Жаңа Ташкент» салу туралы ұсынысты президент Шавкат Мирзияев 2021 жылғы 31 тамызда айтқан. 18 наурызда мемлекет басшысы астанадан шығыста орналасқан «Жаңа Ташкент» жобасының алғашқы кірпішін қалады. Жаңа қала Ташкент облысында Шыршық және Қарасу өзендері ортасында бой көтереді. Президенттің жоспарына қарағанда, бұл ауданға мемлекеттік мекемелер көшіріледі, ал Ташкент қаласы «жасыл аймаққа» айналады.

Жаңа жоба аясында 20 мың гектар жерге 1 миллион адамға арналған тұрғын үйлер, 30 мектеп, 20 балабақша, аурухана және 5 емхана салынады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий