Жаңа мешіт соғуға заңмен тыйым салған Италияның жасырын мешіттері

Италиядағы мешіт. Фото: qamshy.kz.

Жаңа мешіт соғуға заң рұқсат бермеген соң, италиялық жарты миллион мұсылман тек үш мешітті қанағат тұтып отыр деп хабарлайды qamshy.kz.

Заманауи Италияда ислам — қатардағы екінші дін. Бұл елде мұсылмандарға құлшылық жасауға ешкім кедергі келтірмейді, алайда мешіт салуға тиым салынған. Бұл мұсылмандардың спортзал, қойма мен гараж сынды жасырын мешіттерде жиналуына әкелді.

Италияндық фотограф Николо Дегиоргис (Nicolò Degiorgis) «Жасырын ислам» атты фотожоба жасады. Бұл жобада заманауи Италиядағы мұсылмандардың өмірін бейнеленген. Алғаш қарағанда мұсылмандардың гаражда жиналғаны күдікті болып көрінуі мүмкін, алайда бұдан басқа амал жоқ. Италия мұсылмандары тағы бір мешіт соққызғанша тағы бір ғұмыр өтетін шығар.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий