Жағажай волейболына хиджабпен шыққан мысырлық қыздар жанкүйерлерді таң қалдырды (фото)

Фото: eurosport.ru

Риодағы Олимпиада ойындарына мысырлық волейболшы қыздар да қатысуда. Жағажай волейболынан сынға түсетін олар көпшілікті таң қалдырып үлгерді.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Германия құрамасына қарсы кездесуде Доа Эль-Гобаши мен Нада Мивад арнайы тіктірілген форма киіп шықты. Әдетте, жағажай волейболына қатысушылар алаңға купальникпен шығатыны белгілі.

Алайда, ислам дінін берік ұстанатын қыздар хиджаб киіп те волейбол ойнауға болатынын дәлелдеді. Ғаламторда мысырлық қыздардың киім үлгісі қызу талқылануда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий