Жапония премьері Обаманы тыңдамай, Ресейге баратын болды

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ президенті Барак Обаманың көптен-көп өтінішіне құлақ аспай, ақыры Ресейге ресми сапармен келетін болды.

Бұл туралы РИА «Новости» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Екі елдің келісімі бойынша, сапар алдағы мамыр айының ішінде жүзеге асады. Алдын ала белгіленген бұл жоспар өзгеріссіз қалды.

Осының алдында АҚШ президентінің Жапония басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, оны Ресейге барып-қайтудан бас тартуға шақырғаны  болған еді. Америка лидері мұны «қазір оның уақыты емес» дегенмен түсіндіріп баққысы келді. Бірақ бұл әңгіменің Барак үшін босқа кеткенін кейінгі оқиға көрсетті.

Екі ел басшыларының телефон арқылы сөйлескен сөздерінен кейін Жапонияның Ресейдегі елшісі премьердің белгіленген уақытта қалайда Мәскеуге келуіне күш салатынын мәлімдеген еді.

Өз сөзінде Синдзо Абэ Жапония мен Ресей арасында әлі шешілмеген «маңызды мәселелердің» бар екенін айтқан екен.


Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий