Жалаңаш қыздарды жарнамалаған. Скриншот: видеодан
Бұл туралы желідегі парақшасында танымал блогер Бақытжан Бұқарбай жазды.
«Достар, әуе билеттерін сатумен айналысатын бір компаниямыз бортсерік қыздарды жалаңаштандырып, сексистік бағыттағы жарнама түсіріпті. Олардың бейнеролигімен осында бөліспеймін, жарнамалағым келіп тұрған жоқ», — дейді ол.
Блогер олардың бейнероликтегі қазақ қызы арқылы әлеуметтік желілерде өздеріне жарнама жасағылары келгенін алға тартады.
«Бейнероликке қазақ қызын қосып қойыпты. Тыр жалаңаш. Сонда бұлардың мақсаты — қазақтардың намысын қоздырып, олардың тарапынан әлеуметтік желілерде ызаға толы посттарды көбейтіп, осының арқасында пиарын жасау. Бұған жол бермейік. Қыздарымыздың құқықтары тапталып жатқан кезде осындай роликтің шығуы барып тұрған ессіздік«, — деп жазады Бұқарбай.
Сондай-ақ, Бақытжан компанияның қызметіне ең төмен деген баллды қойып, қазақстандықтарды өз қарсылықтарын білдіруге шақырды.
«Сондықтан оңбаған компанияның фейсбуктағы Сhocofamily және Chocotravel парақшаларына кіріп, ең төмен 1 деген баллды қоюға шақырамын», — деп жазған.
Компанияның желідегі парақшасына ашулы пікірлерін қалдырып, видео үшін кешірім сұрауды талап еткендердің саны көбеюде.