Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram.
Желіде отандық танымал продюсер Баян Мақсатқызының ақ көйлек киген кезекті суреті пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жақында ғана «Wedding four seasons» журналының алғашқы санының мұқабасына Баян мен күйеу жігіті Тұрсын Алагөзовтың суреттері жарияланған болатын. Екінші мұқабада да елімізге белгілі продюсер ақ көйлек киіп, қолына гүл шоғын ұстап тұр.
Естеріңізге салсақ, Баянның қазіргі махаббаты Тұрсынғали Instagram парақшасына сүйіктісінің ақ көйлектегі суретін жариялап, кейіннен өшіріп тастаған еді. Жұлдызды жұп БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарында үйлену тойларының биылғы жылы көктемде болатынын мәлімдеген болатын.