Желіде порно жұлдыз атанған шымкенттік дінтанушы туралы не білеміз?

Дінтанушы Абдулла Бакадыр. Фото: facebook желісінен.

Ғаламтор желісінде көпке танымал Шымкенттік дінтанушы Абдулла Бакадырға қатысты жаға ұстарлық ақпарат жарияланды деп хабарлайды NUR. KZ порталының тілшісі.

Аталған видеоны Дидар Аяпов есімді азамат Facebook желісіндегі парақшасына жариялады.

«Екі мүфтидің, Ратбек пен Әбсаттар қажының кеңесшісі болған дінтанушы, «порно жұлдыз» Абдулла Бакадыр. Сұмдық! Зинаны – адал деп, нәпсісінің жетегінде кетті бейшара» деп жазды автор өз парақшасында.

Бейнежазбада танымал молда тараздық жесір әйелмен ғаламтор желісі арқылы танысып, діни ақыл-кеңес берген. Бастапқыда  келіншек дінтанушыдан рухани ілім алу үшін көмек сұрайды. Алайда, дінтанушы әйелдің жеңіл жүріске салынбас үшін арасында еркекпен кездесуі зина емес деп түсіндіреді.

Сұмдығы сол,  дінтанушы ақыл сұраған келіншекті жеке кездесуге шақырып, жыныстық қатынастың қай түрі ұнайтынын да жазып, жалаңаш денесі мен әуретті жерінің фотосын да  жіберген.

Жесір әйелге жеке суретін жіберуші Абдулла Бакадыр. Фото: facebook желісінен.

Басында кездесуге келісім  берген әйел артынша сөзінен айнып, өзін азғырған молданы сөгіп тастады.

«Сонда сіз басына қайғы түскен әпке-сіңлілерімізді осылай тәніңіздің қалауына пайдаланасыз ба? Сіз Ислам дінін, Алла тағаланың әмірінің бәрін жоққа шығарып, екі минуттық ләззатқа бола тәніңіздің рахаты үшін мынандай іске барып тұрсыз», — деп келіншек дінтанушыға телефон арқылы дауыс көтерген.

Ғаламтор бетін шарлап кеткен хаттардың  Абдулла Бакадырға тиеселі немесе оған қатысы жоқ екені дәлелсіз. Алайда, кездесуге келіп, келіншекті күтіп жүрген фотодан оның дәл өзін тануға болады.

Кездесуге келген Абдулла Бакадыр. Фото: facebook желісінен.

Сондай-ақ дінтанушы  жазба барысында өзінің 66 жастағы кемпірі мен 39 жастағы тоқалының барын айтып, олардан қорқатынын да жасырмаған. Аталған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Алайда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы «порно жұлдыз» болған дінтанушының өздеріне қатысы жоқтығын айтты.

«Бұл видеоны бүгін ғана көрдік. Өзін дінтанушы деп жүрген Абдулла Бакадырдың мүфтиатқа еш қатысы жоқ. Ратбек және Әбсаттар қажы кезінде де бұл кісі кеңесші болмақ түгіл бізде жұмыс та істемеген. Себебі, ол кісінің діни сауаты өте таяз. Ол кәдімгі жамағат секілді мешітке келіп кетеді. Дәлірек айтсақ,  көпшілікке өзінің діни тұрғыда жеке пікірін білдіріп жүрген қоғамдық белсенді ғана. Қазір біз мүфтиаттың адамы деп діни басқарманың атын қаралаған жандарға қатысты да (сотқа беру немесе бермеу) бір шешім шығарамыз. Осы мәселені заңгерлеріміз ақылдасып, қарап жатыр»,- деді діни басқарманың баспасөз жетекшісі Ағабек Қонарбайұлы.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий