Желіде өзгелерге жұдырық ала жөнелген намазхан азаматтың видеосы таралып кетті (видео)

Ғаламтор желісінде иман жолында жүрген азаматтың бірнеше жігітті сабап жүрген видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бейне жазбадан мұсылманша киінген азаматтың үй ауласында бірнеше жігітті қуалап жүріп, ұрып-соққанын анық байқауға болады.

Оның бейпіл сөзбен өзгелерді балағаттағаны да анық естіледі. Ал таяқтан қорыққан бірнеше ер адам «болды басеке» деп шуылдап жүр. Оқиға қай қалада түсірілгені белгісіз.

Желіні шулатқан видеоны көріп, желі қолданушылары түрлі жағымсыз пікірлерін жаудырды.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий