SOS Méditerranée гуманитарлық ұйымның 22 сәуірде хабарлауынша, Жерорта теңізінде 130 мигрант мінген қайық ауырылды. Құтқарушылар Ливия жағалауларынан апаттан тірі қалған адам таппады.
Үкіметтің емес ұйымның Ocean Viking кемесі Жерорта теңізінде босқындарды құтқару жұмыстарын жүргізді, бірақ құтқарушылар апат тіркелген ауданнан он шақты мәйіт қана көрген.
SOS Méditerranée ұйымының хабарлауынша, Ocean Viking кемесі Ливия жағалауларын қатарынан екі күн шолып шыққан. 21 сәуірде шамамен 40 адам мінген ағаш қайықтың жоғалып кеткені мәлім болды. Өткен аптада мигранттар мінген қайық Тунис жағалауларында суға кетіп, кем дегенде 41 адам қаза тапқан.
БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жерорта теңізіндегі мигранттар жолында жыл басынан бері 350 адам қаза тапқан. Африка елдерінің мигранттары Ливияға жиналып, Жерорта теңізі арқылы Еуропа жағалауларына жетуді армандайды.