Жерорта теңізінде ресейлік ұшақ апатқа ұшырады

«Адмирал Кузнецов» кемесі. Фото: centralasian.org

Жерорта теңізінде «Адмирал Кузнецов» кемесіне қону кезінде ресейлік МиГ-29 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлайды деп жазады «Интерфаксқа» сілтеме жасап centralasian.org.

Мекеменің хабарлауынша, ұшқыш аман-есен. Себеп салдарын «техникалық ақаудан» деп түсіндіреді. Осыған дейін «Адмирал Кузнецовтың» маңында ресейлік әскери ұшақ құлап түсті деп хабарлаған америкалық Fox News телеарнасы.

«Адмирал Кузнецов» ресейлік өзге де кемелермен бірге Сирияға қарай бет алып барады. 11 қарашада кемедегі әскери ұшақтар машықтану ұшуларын бастаған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий