Жеті жасар қызын шатырдан лақтырып жіберген ананы халық өлімші етіп сабап тастады

Свати. Фото: blognews.am

Бангалор тұрғындары жеті жасар туған қызын шатырдан лақтырып жіберген Свати Саркарды өлімші етіп сабап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы blognews.am сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық әйелді телефон бағанына байлап, полицейлер келгенге дейін тоқтаусыз таяқпен ұрған.

Жеті жасар қыздың әкесі Сватидің писхикалық ауруға шалдыққанын алға тартты. Әйел кез келген жағдайда ашуға булығып, Айшика есімді қызын соққыға жығып отырған. Салдарынан балақай сөйлеуден қалып, тіпті мектепке бармапты. Ал Айшиканың әкесі ажырасып кетіп, айына бір рет қызына алимент төлеп отырған.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, Свати құлаған қызының қансыраған денесін көтеріп алып, бірнеше рет шатырдан лақтырған. Содан кейін ізін жасырмақ болған әйелді көршілері ұстап алып, бағанға байлап қойыпты.

Полиция бөлімшесінде әйел баласының психикалық дертке шалдыққанын, сол себепті қызын ауыр тағдырдан осылайша құтқармақ болғанын алға тартты. Ол артынша өзіне қол салмақ болған екен. Алайда үлгермей қалыпты.

«Түнгі үште айқайды естіп, сыртқа жүгіріп шықтым. Қарасам, Свати қан-жоса болған баласын ұстап отыр. Балақай ауырсынуларға шыдамай, шырылдап жылап жатыр», — деп қорқынышты күнді есіне алды куәгер.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий